Шетелде болған кезде байланыстан үзілмеңіз. Бағалар ҚҚС қоса есептелген. Маңызды ақпарат: Ресейде жергілікті операторлар қойған шектеулерге байланысты SMS пен интернет істемеуі мүмкін, бірақ қоңырау шала бересіз

Таңдалған ел бойынша қызмет қарастырылмаған
Ресейде 2025 жылғы 6 қазаннан бастап жергілікті операторлар қойған шектеулерге байланысты SMS пен интернет істемеуі мүмкін, бірақ қоңырау шала бересіз.
Байланыста болу үшін «Базалық минуттар пакетін» немесе кез келген роуминг пакетін қосыңыз. Ол үшін Tele2 қосымшасына өтіңіз.
Роумингті қосудың бірнеше тәсілі бар:
Роумингті шетелге шықпай тұрып, қосып алған жөн. Егер қосуды ұмытып кетсеңіз, ештеңе етпейді, оны сапар кезінде де қосуға болады. Ол үшін Tele2 қосымшасын пайдаланыңыз, байланыс орталығына қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp немесе Telegram арқылы қоса аласыз. Роумингте Tele2 нөмірінен байланыс орталығына қоңырау шалу — тегін. Шетелде жүргенде *125*1# пәрмені арқылы роуминг қосылмайды.
Шетелге шыққанда телефоныңыздағы әуе режимін қосып, өшіріңіз. Содан кейін телефоныңыз басқа ел операторының желісіне қосылады.
Tele2 қосымшасын пайдаланыңыз — мұнда бәрі оп-оңай:
1. Басты беттегі «Толықтыру» батырмасын басыңыз.
2. Соманы жазыңыз. Нөмір автоматты түрде толтырылады — басқа біреудің теңгерімін толықтырып жатсаңыз, нөмірді өзгерте аласыз.
3. Төлеу тәсілін таңдап, «Толықтыру» батырмасын басыңыз. Егер жаңа картаны пайдаланып толықтырып жатсаңыз, карта дерегін жазып, төлемді растаңыз.
Иә, 2026 жылғы 10 наурыздан бастап пайдалануға болады.
Роуминг қосулы болса, шетелде жүріп те eGov.kz сайтының қызметтерін пайдалана аласыз — 1414 нөмірінен SMS келеді және жіберуге болады.
Бағасы — тұрған еліңізге байланысты 69 ₸/SMS басталады.
Сізге көмектесуі мүмкін әрекеттер:
Мәселе бәрібір шешілмесе, бізге WhatsApp немесе Telegram-ға жазыңыз немесе +7 (707) 000 07 07 нөмірі арқылы байланыс орталығымызға қоңырау шалыңыз. Tele2 нөмірінен қоңырау шалу — тегін.
Назар аударыңыз: Ресейде жергілікті операторлар интернетке шектеу қоюы мүмкін, бірақ қоңырау шала бересіз.
Қысқа нөмірге қоңырау шала алмайсыз, алайда мұндай нөмірден келген қоңырауға жауап бере аласыз немесе одан сізге SMS келеді.
Роумингте АҚШ, Аустралия, Вьетнам, Иордания, Қытай, Макао, Оңтүстік Африка, Сингапур, Словения, Тайвань, Ұлыбритания, Швеция елдерінен уақытша қоңырау шала алмайсыз. Осы елдердің бірінде болсаңыз, қоңырауға жауап бере де алмайсыз. Бұл шектеулер роумингтегі қоңырауларға VoLTE технологиясы қажет екеніне байланысты. Бұл технологияны аталған елдегі Tele2 клиенттері әзірге қолдана алмайды, дегенмен біз оны қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Ал әзірше байланыста болу үшін мессенджерлерді пайдаланыңыз.