Күнде 500 МБ алып, байланыстан ажырамаңыз. Қызмет шетелден интернетке кіргенде қосылады. Ол үшін теңгеріміңізде қаражат жеткілікті болуы және роуминг-пакет қосылмаған болуы немесе оның мерзімі бітуі керек. Интернет трафик таусылып қалса да мессенджерлер мен Google Maps-ты қолдана аласыз
/ күн
Қосу және өшіру жолы
Шарттары
Қай елде жұмыс істейді
Сапар алдында тексеріп алыңыз
Егер сізде роуминг-пакет қосылмаған болса немесе оның мерзімі бітіп кетсе, «Шетелдегі интернет» қызметі шетелде интернетке кіргенде автоматты түрде қосылады.
Ол үшін Tele2 қосымшасында қызметті алдын ала қосып қою керек.
Бұл қызмет роумингте интернет пайдаланғаныңызда автоматты түрде қосылады.
Оны Tele2 қосымшасында немесе *341# пәрменін теріп өшіре аласыз.
Еуропа: Албания, Армения, Аустрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Гернси, Грекия, Грузия, Дания, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кипр, Косово, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.
Азия: Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Бруней, Вьетнам, Гонконг, Жапония, Израиль, Индонезия, Иордания, Ирак, Камбоджа, Катар, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Макао, Малайзия, Монғолия, Мьянма, Оман, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Тайвань, Түркия, Үндістан, Филиппин аралдары, Шри-Ланка.
Солтүстік Америка: Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ангилья, Антигуа және Барбуда, Барбадос, Британдық Виргин аралдары, Гренада, Доминика, Кайман аралдары, Канада, Мексика, Монтсеррат, Пуэрто-Рико, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Теркс және Кайкос аралдары, Ямайка.
Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Чили.
Африка: Алжир, Гамбия, Гана, Египет, Марокко, Оңтүстік Африка, Сейшель аралдары, Танзания.
Аустралия және Океания: Аустралия, Жаңа Зеландия.
Егер сапар барысында тізімде жоқ елге баруды жоспарласаңыз, басқа пакетті қосу керек болады.
|
1. Нөмірдегі роуминг қызметі Нөміріңізде «Роуминг» қызметі қосулы тұрмаса, пакет жұмыс істемейді. Оны Tele2 қосымшасында немесе *125*1# пәрмені арқылы тексеруге болады.
2. Интернетті реттеу Android үшін: Реттеулер → Мобильді желілер → Оператор желісі (Қосылу нүктесі APN).
iOS үшін: Реттеулер → Ұялы байланыс → Ұялы деректер желісі.
Егер APN толтыру орны бос болса, сол жерге internet сөзін жазыңыз.
Қалған жолдарды бос қалдырып, телефонды қайта жүктеңіз.
3. Телефонның реттеулер бөліміндегі роуминг қызметі Телефонның реттеулер бөлімінен «Деректер роумингін» (iOS) немесе «Роуминг деректерін» (Android) қосып қойыңыз.
4. Теңгерім Теңгерімде 0 теңгеден көп ақша бар екеніне көз жеткізіңіз. |