Tele2

Loading FillerLoading Filler

Базалық минут пакеті

Базалық минут пакеті

90+ елге барғанда қоңырау шалуға күн сайын 10 минут алып, байланыста болыңыз. Қазақстанға, қазір тұрып жатқан ел ішінде және басқа елдерге қоңырау шалуға болады, сондай-ақ кіріс қоңырауларды қабылдай аласыз. Қызмет шетелден қоңырау шалғанда қосылады. Ол үшін теңгеріміңізде қаражат жеткілікті болуы және роуминг-пакет қосылмаған болуы немесе оның мерзімі бітуі керек.

980

980

₸

/ күн

Қосу және өшіру жолы

Шарттары

Қай елде жұмыс істейді


Қосу және өшіру жолы

Егер сізде роуминг-пакет қосылмаған болса немесе оның мерзімі бітіп кетсе, «Базалық минут пакеті» қызметі шетелде қоңырау шалғанда автоматты түрде қосылады.

 

Ол үшін Tele2 қосымшасында қызметті алдын ала қосып қою керек.

 

Оны Tele2 қосымшасына кіріп немесе *341# пәрменін теріп өшіре аласыз. 

Шарттары

  • Пакет Астана уақытымен сағат 23:59-ге дейін істейді. Қоңырау шалғаныңызда теңгерімнен күніне 980 ₸ шешіліп отырады. Жұмсалмаған минуттар жойылады. 
  • Егер қызмет ақысы төленбесе, қоңырау ақысы роумингтегі стандарт тариф бойынша минутына 290 теңгеден бастап шешіледі. Ал теңгерімге ақша түсіп, одан қажет сома шешілгенде, күн сайынғы 10 минутты қайтадан пайдалануға болады. 
  • Бұл қызметті «БонВояж» және «РоуМир» пакеттерімен бірге пайдалануға болады. Ол жағдайда алдымен сол қызметтегі минуттар, содан кейін «Базалық минут пакетіндегі» минуттар жұмсалады. 
  • Баға ҚҚС қоса есептелген. 

Қай елде жұмыс істейді

Еуропа: Албания, Армения, Аустрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Гернси, Грекия, Грузия, Дания, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кипр, Косово, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.

 

Азия: Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Бруней, Вьетнам, Гонконг, Жапония, Израиль, Индонезия, Иордания, Ирак, Камбоджа, Катар, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Макао, Малайзия, Монғолия, Мьянма, Оман, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Тайвань, Түркия, Үндістан, Филиппин аралдары, Шри-Ланка.

 

Солтүстік Америка: Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ангилья, Антигуа және Барбуда, Барбадос, Британдық Виргин аралдары, Гренада, Доминика, Кайман аралдары, Канада, Мексика, Монтсеррат, Пуэрто-Рико, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Теркс және Кайкос аралдары, Ямайка.

 

Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Чили.

 

Африка: Алжир, Гамбия, Гана, Египет, Марокко, Оңтүстік Африка, Сейшель аралдары, Танзания.

 

Аустралия және Океания: Аустралия, Жаңа Зеландия.

 

Егер сапар барысында тізімде жоқ елге баруды жоспарласаңыз, басқа пакетті қосу керек болады.