Жергілікті SIM-картаны сатып алмай-ақ, сапар кезінде байланыста болуға арналған 1,5 ГБ мен 10 минуттан тұратын пакет. Бұл пакет Түркия, Грузия, Египет және басқа да бағыттарды қоса алғанда, әлемнің 80 елінде жұмыс істейді.
Бағасы
Қалай қосуға болады
Қай елдерде істейді
Пакет таусылып қалғанда
Сапар алдында тексеру керек нәрсе
Шарттары
Артылған ресурстар қалай сақталады
7 күнге 3 590 ₸-ге алатыныңыз:
Пакеттің құрамына SMS кірмейді, бір хабарламаның бағасы — 69 теңге.
Пакет қосып, ресурс қалдығын қадағалау үшін Tele2 қосымшасын пайдаланған ыңғайлырақ болады.
Пакет 7 күнге қосылып, автоматты түрде өшіріледі. Оны шекара аспай тұрып, Қазақстанда қосып алған жөн — есіңізден шығып кетсе, роумингте де қоса аласыз.
Сондай-ақ мына пәрмендер бар:
Пакетті қосу және жаңарту
*342#
Ресурсты тексеру
*342*4#
Бұл пакет жұмыс істейтін елдер:
Еуропа: Албания, Армения, Аустрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Гернси, Грекия, Грузия, Дания, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония
Азия: Әзірбайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Вьетнам, Гонконг, Жапония, Израиль, Индонезия, Иордания, Камбоджа, Катар, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Макао, Малайзия, Моңғолия, Оман, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Тайвань, Түркия, Үндістан, Филиппин аралдары, Шри-Ланка
Солтүстік Америка: Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Пуэрто-Рико
Африка: Алжир, Египет
Егер сапар барысында тізімде жоқ елге баруды жоспарласаңыз, басқа пакет қосу керек болады.
Трафик таусылып қалса
Интернет жылдамдығы 128 Кбит/с дейін азайып, пакеттің жарамды мерзімі аяқталғанша солай қалады. Бұл — Google Maps пен мессенджерлерге жететін жылдамдық.
Минуттар таусылып қалса
Қоңырау бағасы — 89 ₸/мин.
Пакет өшіп қалса
Қоңырау бағасы мекендеген еліңізге байланысты минутына 290 ₸-ден басталады.
Әр елдегі байланыс қызметтерінің бағалары туралы толығырақ «Роуминг» бөлімінен оқыңыз.
Интернеттің бұрынғы жылдамдығын немесе қоңыраудың бұрынғы бағасын қайтарғыңыз келсе, пакетті қосымшада немесе *342# пәрмені арқылы жаңартыңыз.
Нөміріңізде «Роуминг» қызметі қосулы тұрмаса, пакет жұмыс істемейді. Оны Tele2 қосымшасында немесе *125*1# пәрмені арқылы тексеруге болады.
Android үшін:
Реттеулер → Мобильді желілер → Оператор желісі (Қосылу нүктесі APN).
iOS үшін:
Реттеулер → Ұялы байланыс → Ұялы деректер желісі.
Егер APN толтыру орны бос болса, сол жерге internet сөзін жазыңыз.
Қалған жолдарды бос қалдырып, телефонды қайта жүктеңіз.
Телефонның реттеулер бөлімінен «Деректер роумингін» (iOS) немесе «Роуминг деректерін» (Android) қосып қойыңыз.
Теңгерімде 0 теңгеден көп ақша бар екеніне көз жеткізіңіз.
Егер роумингтегі бүкіл трафикті пайдаланбаған болсаңыз, қалған ресурстар негізгі тарифіңізге үш еселеніп қайтарылады. Ресурсты қайтару пакет мерзімі аяқталған бойда жүзеге асырылады.
Ресурс қалдығы қайтарылғаннан кейін, оны тағы 7 күн пайдалануға болады. Алдымен — роумингтегі трафик, содан кейін негізгі тарифтің трафигі жұмсалады.
Ресурс қалдығын көшіруге, басқаларға жіберуге немесе айырбастауға болмайды. Ол негізгі тариф төленген кезде ғана жұмыс істейді.
Мұның барлығы мына тарифтерде жұмыс істейді: