Tele2

Loading FillerLoading Filler

Макси 30 күн

Макси 30 күн 10 ГБ

10 ГБ мен 10 минуттан тұратын пакетті қосып, саяхат кезінде өзіңізді еркін сезініңіз. Бұл пакет картаны, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді қолдануға да, сериал көріп, музыка тыңдауға да жетеді. Түркия, Грузия, Египет және басқа да бағыттарды қоса алғанда, әлемнің 90+ елінде жұмыс істейді.

Макси 30 күн 10 GB

10

GB/ 13590

Пакетті қосу және жаңарту *342#


Пакетті қосу және жаңарту *342#


Пакетті қосу және жаңарту *342#


Пакетті қосу және жаңарту *342#

Бағасы

Қалай қосуға болады

Қай елдерде істейді

Пакет таусылып қалғанда

Сапар алдында тексеру керек нәрсе

Шарттары

Артылған ресурстар қалай сақталады


Бағасы

30 күнге 13 590 ₸-ге алатыныңыз:  
 

10 гигабайт интернет; 
Барлық бағытқа 10 минут. Қазақстанға, мекендеген ел ішінде және басқа елдерге қоңырау шалуға болады. Сонымен қатар Қазақстаннан жақындарыңыздың қоңырауын қабылдай аласыз. 
 

Пакеттің құрамына SMS кірмейді, бір хабарламаның бағасы — 69 теңге. 

Қалай қосуға болады

Пакет қосып, ресурс қалдығын қадағалау үшін Tele2 қосымшасын пайдаланған ыңғайлырақ болады.

 

Пакет 30 күнге қосылып, автоматты түрде өшіріледі. Оны шекара аспай тұрып, Қазақстанда қосып алған жөн — есіңізден шығып кетсе, роумингте де қоса аласыз.

 

Сондай-ақ мына пәрмендер бар:

Пакетті қосу және жаңарту

*342#

Ресурсты тексеру

*342*4#

Қай елдерде істейді

Бұл пакет жұмыс істейтін елдер:

Еуропа: Албания, Армения, Аустрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Гернси, Грекия, Грузия, Дания, Джерси, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кипр, Косово, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония

Азия: Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Бруней, Вьетнам, Гонконг, Жапония, Израиль, Индонезия, Иордания, Ирак, Камбоджа, Катар, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Макао, Малайзия, Монғолия, Мьянма, Оман, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Тайвань, Түркия, Үндістан, Филиппин аралдары, Шри-Ланка

Солтүстік Америка: Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Мексика, Пуэрто-Рико

Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Чили

Африка: Алжир, Гамбия, Гана, Египет, Оңтүстік Африка, Сейшель аралдары, Танзания

Аустралия және Океания: Аустралия, Жаңа Зеландия

Егер сапар барысында тізімде жоқ елге баруды жоспарласаңыз, басқа пакетті қосу керек болады.

Пакет таусылып қалғанда

Трафик таусылып қалса

Интернет жылдамдығы 128 Кбит/с дейін азайып, пакеттің жарамды мерзімі аяқталғанша солай қалады. Бұл — Google Maps пен мессенджерлерге жететін жылдамдық.

 

Минуттар таусылып қалса

Қоңырау бағасы — 89 ₸/мин.

 

Пакет өшіп қалса

Қоңырау бағасы мекендеген еліңізге байланысты минутына 290 ₸-ден басталады.

 

Әр елдегі байланыс қызметтерінің бағалары туралы толығырақ «Роуминг» бөлімінен оқыңыз.

 

Интернеттің бұрынғы жылдамдығын немесе қоңыраудың бұрынғы бағасын қайтарғыңыз келсе, пакетті қосымшада немесе *342# пәрмені арқылы жаңартыңыз.

 

Сапар алдында тексеру керек нәрсе

  1. Нөмірдегі роуминг қызметі

Нөміріңізде «Роуминг» қызметі қосулы тұрмаса, пакет жұмыс істемейді. Оны Tele2 қосымшасында немесе *125*1# пәрмені арқылы тексеруге болады.

 

  1. Интернетті реттеу

Android үшін:

Реттеулер → Мобильді желілер → Оператор желісі (Қосылу нүктесі APN).

 

iOS үшін:

Реттеулер → Ұялы байланыс → Ұялы деректер желісі.

 

Егер APN толтыру орны бос болса, сол жерге internet сөзін жазыңыз.

 

Қалған жолдарды бос қалдырып, телефонды қайта жүктеңіз.

 

  1. Телефонның реттеулер бөліміндегі роуминг қызметі

Телефонның реттеулер бөлімінен «Деректер роумингін» (iOS) немесе «Роуминг деректерін» (Android) қосып қойыңыз.

 

  1. Теңгерім

Теңгерімде 0 теңгеден көп ақша бар екеніне көз жеткізіңіз.

Шарттары

  • Пакет «Роуминг» қызметі қосылып тұрғанда ғана істейді.
  • Пакетті шексіз жаңартуға болады. Пакетті жаңартқан кезде бұрынғы пакеттің ресурстары жойылып кетеді.
  • Қалған ресурстарды Қазақстанға оралған соң пайдалана аласыз. Олар 30 күн жарамды болады.
  • Баға ҚҚС қоса есептелген.

Артылған ресурстар қалай сақталады

Егер роумингтегі бүкіл трафикті пайдаланбаған болсаңыз, қалған ресурстар негізгі тарифіңізге үш еселеніп қайтарылады. Ресурсты қайтару пакет мерзімі аяқталған бойда жүзеге асырылады.

 

Ресурс қалдығы қайтарылғаннан кейін, оны тағы 30 күн пайдалануға болады. Алдымен — роумингтегі трафик, содан кейін негізгі тарифтің трафигі жұмсалады.

Ресурс қалдығын көшіруге, басқаларға жіберуге немесе айырбастауға болмайды. Ол негізгі тариф төленген кезде ғана жұмыс істейді.

Мұның барлығы төмендегі тарифтерде жұмыс істейді:

  • Тиімді Unlim, Тиімді Max, Тиімді Pro, Тиімді 3590, Тиімді 4590, Тиімді 5590, Тиімді 6590, Тиімді 2790 мұрағаттық, Тиімді 3590 мұрағаттық, Тиімді 4590 мұрағаттық, Тиімді 5590 мұрағаттық
  • Сенің ережелерің 2490, Сенің ережелерің 3190, Сенің ережелерің 3890, Сенің ережелерің 4890
  • Үлкен, Үлкен мұрағаттық 2, Үлкен+
  • Қосыл, Максимум қосыл, Толық қосыл, Толық қосыл 0518, Қосыл_2020, Қосыл-2
  • Тиімді, Тиімді 2590
  • Күшті, Күшті +
  • Бәрін ауыстыр 1890 Promo, Бәрін ауыстыр 1890 Promo 2, Бәрін ауыстыр 1990_0419 мұрағаттық, Бәрін ауыстыр 1990_0619, Бәрін ауыстыр 2490_0419 мұрағаттық, Бәрін ауыстыр 2590, Бәрін ауыстыр 2590_0619, Бәрін ауыстыр 3190, Бәрін ауыстыр 3190_new, Бәрін ауыстыр 3290_0419 мұрағаттық, Бәрін ауыстыр 3290_0619, Бәрін ауыстыр 3690, Бәрін ауыстыр 3790, Бәрін ауыстыр 4190
  • Нағыз шексіздік
  • ОҢАЙ Старт, ОҢАЙ Старт мұрағаттық, ОҢАЙ Старт мұрағаттық 2, ОҢАЙ Супер, ОҢАЙ Супер мұрағаттық, ОҢАЙ Экстра, ОҢАЙ Экстра мұрағаттық
  • Супер шексіздік, Супер +
  • Керегі осы