Такси, мессенджерлер мен картаны көруге жететін 3 ГБ пен 30 минуттан тұратын пакет. Бұл пакет Түркия, Грузия, Египет және басқа да бағыттарды қоса алғанда, әлемнің 50+ елінде жұмыс істейді.
Бағасы
Қалай қосуға болады
Қай елдерде істейді
Пакет таусылып қалғанда
Сапар алдында тексеру керек нәрсе
Артылған ресурстар қалай сақталады
Айына 5 990 ₸-ге алатыныңыз:
Баға ҚҚС қоса есептелген.
Пакетті шексіз жаңартуға болады. Зейін қою керек нәрсе: бірнеше пакеттің трафигі жиналмайды. Егер пакетті жаңартсаңыз, бұрынғы пакеттің ресурстары күйіп кетеді.
Пакет қосып, ресурс қалдығын қадағалау үшін Tele2 қосымшасын пайдаланған ыңғайлырақ болады.
Сондай-ақ мына пәрмендер бар:
Пакет 30 күнге қосылып, автоматты түрде өшіріледі. Оны шекара аспай тұрып, Қазақстанда қосып алған жөн — есіңізден шығып кетсе, роумингте де қоса аласыз.
БонВояж және РоуМир пакеттерін бір уақытта қосуға болады. Ресурстар сіз мекендеген елге байланысты жұмсалады. Мысалы, Германияда болсаңыз — БонВояж пакеті, ал кейін Португалияға барсаңыз — РоуМир пакеті жұмсалады.
Бұл пакет жұмыс істейтін елдер:
Аустралия, Австрия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бруней, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Великобритания, Вьетнам, Германия, Гернси, Гонконг, Греция, Грузия, Дания, Джерси, Египет, Израиль, Үндістан, Исландия, Испания, Италия, Жапония, Қатар, Кипр, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Латвия, Литва, Макао, Мэн аралы, Оман, Ресей, Сауд Арабиясы, Словения, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Тайвань, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония.
Егер сапар барысында тізімде жоқ елге баруды жоспарласаңыз, басқа пакетті қосу керек болады.
Трафик таусылып қалғаннан кейін интернет жылдамдығы 128 Кбит/с дейін азайып, пакеттің жарамды мерзімі аяқталғанша солай қалады. Бұл —Google Maps пен мессенджерлерге жететін жылдамдық. Бұрынғы жылдамдықты қайтарғыңыз келсе, пакетті қосымшада немесе *342# пәрмені арқылы жаңартуды ұсынамыз.
Пакеттегі қоңыраулар бітіп қалса, қоңырау минутына 69 теңге тұратын болады. Егер пакетті өшіріп тастасаңыз, қоңырау құны мекендеген еліңізге байланысты минутына 290 ₸-ден басталатын болады.
SMS пакетке кірмейді, бір хабарламаның бағасы — 69 теңге.
Әр елдегі байланыс қызметтерінің бағалары туралы толығырақ «Роуминг» бөлімінен оқыңыз.
Android үшін:
Реттеулер → Мобильді желілер → Оператор желісі (Қосылу нүктесі APN).
iOS үшін:
Реттеулер → Ұялы байланыс → Ұялы деректер желісі.
Егер APN толтыру орны бос болса, сол жерге internet сөзін жазыңыз.
Қалған жолдарды бос қалдырып, телефонды қайта жүктеңіз.
Егер роумингтегі бүкіл трафикті пайдаланбаған болсаңыз, қалған ресурстар негізгі тарифіңізге үш еселеніп қайтарылады. Пакет мерзімі аяқталған бойда қайтару жүзеге асырылады.
Ресурс қалдығы қайтарылғаннан кейін, оны тағы 30 күн пайдалануға болады. Алдымен роумингтегі трафик, содан кейін негізгі тарифтің трафигі жұмсалады.
Ресурс қалдығын көшіруге, басқаларға жіберуге немесе айырбастауға болмайды. Ол тек негізгі тариф төленген жағдайда жұмыс істейді.
Мұның барлығы төмендегі тарифтерде жұмыс істейді: