Логотип: tele2

Wi-Fi арқылы қоңырау шалу

Мобильді желі істемейтін жерде де байланыста болыңыз

Wi-Fi арқылы қоңырау шалуды қосу

Wi-Fi арқылы қоңырау шалудың артықшылықтары

Мобильді желі істемейтін жерде де байланыста боласыз

Wi-Fi қосылып тұрса, VoWiFi технологиясы ұстайтын телефоннан қоңырау шалып, қоңырауға жауап бере аласыз

Әдеттегідей қоңырау шала бересіз

Ешқандай қосымша орнатудың қажеті жоқ. Нөмірді тересіз немесе келген қоңырауды қабылдайсыз — қоңырау Wi-Fi желісіне өзі ауысады

Қосымша ештеңе төлемейсіз

Wi-Fi арқылы қоңырау шалудың бағасы тарифіңіздегі кәдімгі қоңыраудың бағасымен бірдей. Егер минут пакетіңіз болса, сөйлескен минуттарыңыз осы пакеттен жұмсалады

Роумингте де істей береді

Негізгі тарифтің минуттары жұмсалады. «Роуминг» қызметінің қосылып тұрғанын және қызмет істейтін елде екеніңізді тексерсеңіз болғаны

Елдер тізімі

Смартфонымда Wi-Fi арқылы қоңырау шалу істей ме?

VoWiFi ұстайтын барлық смартфонды бір тізімге жинап қойдық. Смартфоныңыздың моделін тексеріңіз

Wi-Fi арқылы қоңырау шалу қызметін қосу жолы

1
*292# пәрменін теріп, Tele2-нің «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін қосыңыз
2
«Реттеулер» бөлімін ашыңыз
3
«Қосылымдар» бөліміне кіріңіз
4
SIM-картаны таңдаңыз
5
«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін қосыңыз

Реттеулер мәзірі өндірушіге, смартфон моделі мен операциялық жүйенің нұсқасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Wi-Fi арқылы қоңырау шалуды өшіру жолы

SIM-картаның реттеулер бөліміне кіріңіз немесе *292# пәрменін теріңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар