Логотип: Tele2

Барлық Tele2 клиентінде автоқоңырау қызметін өшіреміз

31 мамыр 2026

2026 жылғы 30 маусымнан бастап автоқоңырау қызметі барлық клиентіміз үшін жұмысын тоқтатады.  

 

Бұрын біреу сізге қоңырау шала алмағанда сізге микроқоңыраулар келетін. Бұл — қоңырау шалған тарап сіздің қайта хабарласуыңызды күтіп отырғанын жеткізетін қызмет болатын. Кейде бірден бірнеше микроқоңырау келетін кездер болған, ал бұл ығырыңызды шығаруы мүмкін. Оның үстіне, қазір көбіміз мессенджер арқылы қоңырау шаламыз. Сондықтан автоқоңырау қызметін өшірген жөн деп шештік.  

 

Бұл қызметтің өшуі «Кім қоңырау шалды?» және «Мен байланыстамын» қызметтеріне әсер етпейді — олар өз жұмысын жалғастыра береді.  

 

Пікір білдіргеніңізге рақмет!