Байланыса алмаған нөмірлеріңіз қолжетімді болған кезде оларға қоңырауыңыз жайлы еске саламыз
Толығырақ
Қосу және өшіру жолы
Сіз анаңызға, әкеңізге, досыңызға, ұжымдасыңызға немесе тағы басқа біреуге қоңырау шалдыңыз дейік. Ал олар ол кезде «бос емес» немесе «қолжетімсіз» болды. Сіздің қоңырауыңыз туралы ұмытып кетпесін деп, кейінірек оларға сіздің нөміріңізден бірден үзілетін қысқа қоңырау келетін болады.
Сізге де басқалардан осындай қоңырау келе алады. Олар оны өздерінің мобильді операторлары жағында қоса алады.
Жалған шығыс қоңырау барлық Tele2 клиенттеріне қолжетімді. Бұл қызмет тегін.
Қызметті байланыс орталығы арқылы 611 нөміріне қоңырау шалып өшіруге болады. Ол кезде тек сізден шығатын жалған қоңырау ғана өшіріледі.
Басқа адамдардан келетін жалған қоңырау олардың операторлары арқылы өшіріледі — өшіру туралы ақпаратты олардың сайттарында немесе байланыс орталықтарында анықтай аласыз.