Tele2

Loading FillerLoading Filler
Роуминг
Roaming

Роуминг

Роуминг

Шетелде болған кезде байланыстан үзілмеңіз. Бағалар ҚҚС қоса есептелген. Маңызды ақпарат: Ресейде жергілікті операторлар қойған шектеулерге байланысты SMS пен интернет істемеуі мүмкін, бірақ қоңырау шала бересіз

Қосу жолдары

Роумингте желі ұстамаса

Роумингте интернет жұмыс істемесе

SMS жіберілмесе немесе қоңырау шала алмасаңыз

Теңгерімді толықтыру үшін

Шет жақ тұрғындарына


Қосу жолдары

Қосу тегін. Ол үшін қосымшаға өту керек болады немесе төмендегі пәрменмен қоса аласыз.

 

Қызметті қосу: *125*1#

Қызметті өшіру: *125*2#

 

Қызмет дұрыс жұмыс істеуі үшін роумингті алдын ала Қазақстанда қосып қойыңыз. Егер жаңа SIM-карта сатып алсаңыз, оны елден кетпес бұрын қосып алу керек.

Роумингте желі ұстамаса

Телефонды өшіріп, қайта қосуға кеңес береміз — ол автоматты түрде желілердің біреуіне қосылады.

 

Егер бұл тәсілден ештеңе шықпаса, желіні өзіңіз таңдауыңыз керек болады.

Роумингте интернет жұмыс істемесе

  1. Телефон реттеулерінен APN толтыру орнын тексеріп көріңіз. Ол жерде internet деп жазылып тұруы керек
  2. «Роумингтегі деректер» мен мобильді интернетті қосыңыз
  3. Роуминг трафигін қосымшада бақылай аласыз —  оны сапар алдында қосып, бүкіл әлемде пайдаланыңыз.

SMS жіберілмесе немесе қоңырау шала алмасаңыз

  • Роумингтегі қоңыраулар ақылы — кіріс қоңыраулары ғана емес, шығыс қоңыраулары да. Бағасы минутына 290 ₸-ден басталады. Толығырақ сайтымыздан оқи аласыз.
  • Нөмірді келесі тізіммен теру керек:

+ елдің коды (7 немесе 8 санының орнына) және телефон нөмірі

Мысалы, +7 707 ХХХ ХХ ХХ

Теңгерімді толықтыру үшін

  • Теңгерімді кез келген қазақстандық картамен толықтыра аласыз. Бұны сайтымыздан немесе қосымша арқылы істеуге болады.
  • Сондай-ақ «Сенімді төлем» қызметін қолдануға да болады.

Шет жақ тұрғындарына

  • Егер Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей немесе Қытайдың шекарасына жақын тұрсаңыз телефоныңыз автоматты түрде сол елдердің желі операторларына қосылып кетуі мүмкін. Керек емес шығындардың алдын алу үшін, *125*2# пәрменімен роумингті өшіріп тастаған дұрыс болады.