Дербес деректерді пайдалану шарттары

«Tele2» тауар белгісімен ұялы байланыс қызметін көрсететін оператор – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (бұдан әрі – Оператор) дербес деректеріңізді беруде бізге артқан сеніміңізді бағалап, оларды қорғауға қажетті барлық техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы шараларды жүзеге асырады. Біздің қандай дербес деректерді жинайтынымызды, оларды қалай өңдейтінімізді және қорғайтынымызды білу үшін, осы Дербес деректерді пайдалану шарттарымен (бұдан әрі – Шарттар) мұқият танысуыңызды сұраймыз.

Осы Шарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шартта (бұдан әрі – Шарт) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген терминдер мен анықтамаларға сәйкес түсініледі және түсіндіріледі.

Жалпы ережелер

Осы Шарттар Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Оператордың құзырындағы дербес деректеріңіз құпия ақпарат санатына жатады. Біз сіздің деректеріңізді қорғауға қатысты ішкі ережелерді жасап шығардық және оларды үнемі жаңалап отырамыз, және өз қызметкерлеріміздің аталған ережелерді дұрыс сақтауын қадағалаймыз.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу

Біз сіздің қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріңізді тек сіздің келісіміңізбен ғана жинаймыз және өңдейміз.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, Оператор Абоненттерге байланыс қызметтерін тек Шарт жасалған жағдайда ғана көрсетеді, ондай шартты жасау тәртібі мен талаптары байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін тиісті ережелерде айқындалады. Шарт жария шарт болып табылады және онымен Оператордың «Tele2» Мобильді қолданбасында (бұдан әрі – Мобильді қолданба) және Сайтында – www.tele2.kz танысуға болады.

Байланыс қызметтерін және сонымен байланысты қызметтерді көрсету шарттары Шартта айқындалады. Шарт жасасу Мобильді қолданбада қосылу жолымен немесе Оператор айқындаған, және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған өзге тәсілмен жүреді.

Шарт жасасқан кезде сіз Операторға өзіңіздің қызметтерді алу процесінде беретін барлық деректеріңізді жинауға және өңдеуге келісім бересіз, аталған деректер Операторға Шарт бойынша сізге қызметтерді көрсетуі барысында қолжетімді болады.

Жиналатын дербес деректер тізбесі

Осы Шарттар сіз Шартқа қосылу барысында ұсынатын, Автоматты қызмет көрсету жүйесіне жүгінген кезде жіберілетін, Оператордың Сайтында, Мобильді қолданбада толтырылатын, сондай-ақ Оператор қызметтерді көрсету барысында алатын барлық дербес деректерге таралады.Оператор қызметтерді көрсету үшін, оның ішінде Мобильді қолданбаны жүктеп алу және пайдалану кезінде жинайтын дербес деректер тізбесі төмендегі деректерге таралады, оларға: ЖСН, ТАӘ, абоненттік нөмірі, туған күні және/немесе туған жылы, электронды почта мекенжайы, IP мекенжайы, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғы туралы мәліметтер, операциялық жүйе нұсқасы, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғының өзіне тиесілі сәйкестендіргіштері, геолокация, GPS деректері, банк деректемелері, төлем операциялары туралы ақпарат, оның ішінде олардың жасалынған уақыты мен сомасы туралы деректер, сондай-ақ сізге қатысты және сізге байланыс қызметтерін көрсету барысында Операторға қолжетімді болатын өзге де мәліметтер кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді.

Оператор қызметтерді көрсету үшін жинайтын дербес деректер тізбесі Шарт жасасу үшін минималды қажет деректер болып табылады, және абоненттің аталған деректерді міндетті түрде беруі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған.

Осы Шарттар үшінші тұлғаларға тиесілі ақпараттық ресурстарда жиналған немесе Сіз өзіңіз біздің байланыс желілеріміз арқылы әлдекімге берген ақпаратқа таралмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарында дербес деректерді қорғау жөніндегі өз саясаты болуы мүмкін. Оператор Абоненттің үшінші тұлғалар Оператордың қызметтерін пайдалана отырып жіберетін жағымсыз қысқа мәтіндік немесе өзге хабарламаларды алғаны үшін жауапты болмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарын пайдаланар алдында және оларға дербес деректеріңізді берер алдында біз аталған ресурстардың құпиялылық саясатын мұқият зерттеуге және өз дербес деректеріңіздің таралып кетуіне сақтықпен қарауға кеңес береміз.

Сіз ішінде Оператордағы дербес деректеріңіздің тізбесі, дербес деректерді жинау мен өңдеудегі мақсаттар, деректерді жинайтын көздер мен деректерді жинау тәсілдері, оларды өңдеу және сақтау мерзімдері бар ақпаратты сұрата аласыз. Сұрау Мобильді қолданба арқылы Автоматты қызмет көрсету жүйесінің көмегімен сұрау жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Біздегі дербес деректеріңізді Мобильді қолданбаның көмегімен, деректеріңіздің өзгергенін растайтын құжаттарыңызды көрсете отырып өзгерте аласыз.

Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары

Біз дербес деректерді Абонентпен жасалған Шарттың талаптарын орындау, Оператордың Серіктестері мен өкілдерінің қызметтерін ұсыну, оның ішінде Операторға үшінші тұлғалар көрсететін және Оператор үшінші тұлғаларға көрсететін қызметтерді, конвергентті қызметтерді ұсыну, ұсынылатын қызметтердің сапасын және қызмет көрсету сапасын жақсарту, маркетингтік іс-шараларды жүргізу, жаңа өнімдер мен қызметтерді жасап шығару және ұсыну, Абоненттерге ұсынылатын қызметтер мен қызмет көрсету тәртібі талаптарының өзгергені туралы ақпарат беру, Абоненттер мен Операторды Оператордың қызметтерін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық әрекеттерден қорғау, мемлекеттік органдарға фискальді есептілікті беру, дебиторлық берешекті өндіріп алу, сондай-ақ Абоненттер мен пайдаланушылардың конкурстар мен жарнама науқандарына қатысуы, сондай-ақ Оператордың және үшінші тұлғалардың қолданылатын заңнамада айқындалған құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жинаймыз және өңдейміз.

Абоненттің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімін қайтарып алуы

Сіз Операторға дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге Мобильді қолданба арқылы берген келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Алайда сізге қызмет көрсетуіміз үшін бізге сіздің дербес деректеріңіз қажет екенін ескеруіңіз керек. Келісіміңізді қайтарып алған жағдайда Оператордың және оның серіктестерінің қызметтерін ұсыну тоқтатылатын болады.

Егер сіз Оператордың алдындағы міндеттемеңізді орындамаған болсаңыз немесе өзге де заңды шектеулер бар болса, дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісіміңіз қайтарылмайды.

Дербес деректерді сақтау мерзімдері

Біз сіздің дербес деректеріңізді Операторға Шарт бойынша оларды жинау және өңдеу мақсаттарына жетуге қажетті уақыт ішінде, сондай-ақ Шарттың қолданылуы аяқталғаннан кейінгі үш жыл ішінде сақтаймыз.

Өңдеу мақсаттарына жеткеннен кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де негіздемелер бойынша, сіздің дербес деректеріңіз жойылады.

Дербес деректерді қорғау бойынша іске асырылатын шаралар

Сіздің дербес деректеріңізге қолжетімділік Оператордың аталған деректерді пайдалану өзінің функционалдық міндеттерін орындауы үшін қажет болатын қызметкерлеріне ғана беріледі.

Біздің барлық қызметкерлеріміз құпия ақпаратты жария қылмау туралы міндеттемеге қол қойған, сондай-ақ оларға Абоненттердің дербес деректерін қорғауға қатысты талаптарды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы ескертілген.

Сіздің дербес деректеріңіз ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сай келетін электрондық базаларымызда сақталады.

Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру

Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарын іске асыру үшін біз сіздің дербес деректеріңізді өз серіктестерімізге бере аламыз, оның ішінде трансшекаралық жолмен, немесе үшінші тұлғаларға дербес деректер субъектісін анықтау мүмкін болмайтын белгілі бір белгілер бойынша біріктірілген деректерді жиынтық түрде бере аламыз. Дербес деректерді беру берілетін дербес деректердің заңдылық және құпиялылық қағидаттарына негізделеді. Дербес деректерді беру Абоненттердің дербес деректерін және басқа да құпия ақпаратты жария қылмау туралы шарт жасасумен қатар жүреді.

Шартта біз Абоненттердің дербес деректерінің олардың келісімінсіз немесе өзге заңды негіз болмаған жағдайда таралып кетуіне жол бермеу жөніндегі талаптарды көздейміз.

Дербес деректерді толықтыру және профильдеу

Біз сіздің дербес деректеріңізді сізден қосымша ақпаратты сұрау немесе ақпаратты ашық көздерден, мысалы әлеуметтік желілердегі ашық аккаунттардан, сондай-ақ Оператормен шарттық қатынастағы үшінші тұлғалардан алу жолымен толықтыра немесе нақтылай аламыз.

Дербес деректерді толықтыру және профильдеу оларды жинау мен өңдеудің осы Шарттарда көрсетілген мақсаттарына сай ғана жүргізіледі және сіз үшін қызықты әрі тиімді болатын ұсыныстарды жасап шығаруымызға мүмкіндік береді.

Шарттарды өзгерту

Оператор осы Шарттарға өзгерту енгізуге құқылы. Шарттардың жаңа редакциясы Оператордың Сайтында, Мобильді қолданбада жарияланған күннен бастап күшіне енеді, Шарттардың жаңа редакциясында басқасы көзделмеген болса. Біз осы Шарттардың өзектілігін әрдайым тексеріп отыруға кеңес береміз. Шарттар өзгертілгеннен кейін Оператордың қызметтерін пайдалануды жалғастыру арқылы сіз енгізілген өзгертулерге келісетініңізді растайсыз.

Оператор туралы ақпарат

«Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 041140004799, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 115-үй, «Kaisar Plaza» бизнес орталығы, 7-қабат, Оператордың сайты: www.tele2.kz.