Роумингте Wi-Fi арқылы қоңырау шалу қызметін елдегі тариф шарттарына сәйкес қолдана аласыз
10 қыркүйек 2026Біз роумингте «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» деген жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатырмыз. Енді шетелде мобильді желі істемесе де, байланыста боласыз.
Әдеттегідей қоңырау шалып, қоңырауларға жауап бере аласыз— смартфон қоңырауды Wi-Fi желісіне автоматты түрде ауыстырады. Ол үшін бөлек қосымша жүктеу қажет емес.
Wi-Fi арқылы қоңырау шалу бағасы тарифіңіздегі кәдімгі қоңыраулардың елдегі бағасымен бірдей болады. Егер сізде минуттар пакеті болса, сөйлескен минуттар сол пакеттен шешіледі. Роуминг-пакеттегі минуттар жұмсалмайды.
Қызмет қазір Tele2 клиенттерінің бір бөлігіне сынақ режимінде қосылды.
iPhone мен Android құрылғыларында «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін қалай қосуға болады
- Қызметті қосу үшін Tele2 қосымшасына кіріңіз немесе *292# пәрменін теріңіз.
- Қызметті смартфон реттеулерінен қоса аласыз.
Android: Реттеулер → Желі және интернет / SIM карталар мен мобильді желі → SIM картаны таңдаңыз → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу
iPhone: Реттеулер → Ұялы байланыс → SIM картаны таңдаңыз → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу
- Tele2 қосымшасына кіріп, «Роуминг» қызметінің қосулы тұрғанын тексеріңіз. Онсыз шетелде Wi-Fi арқылы қоңырау шала алмайсыз. Роуминг тек тізімдегі елдерде жұмыс істейді.
«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» — жаңа қызмет. Біз қызметті әлі де сынақтан өткізіп, клиенттердің қызметке деген қызығушылығын тексеріп жатырмыз.