Логотип: Tele2

Желі ұстамайтын жерде де байланысқа шыға аласыз. «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» технологиясы жайлы толық ақпарат

25 мамыр 2026

Wi-Fi арқылы қоңырау шалу — смартфоныңызға кез келген Wi-Fi желісін базалық станция ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология. Яғни, кәдімгі мобильді байланыс сияқты Wi-Fi арқылы да қоңырау шалып, қоңырау қабылдай аласыз. 
 
Бұл инновациялық шешім желі әлсіз ұстайтын аймақтардағы байланыс мәселесін шешуге көмектеседі. 
 
Қызметтің ыңғайлы тұстары:  
 

  • Үйде, кеңседе немесе жертөледе мобильді желі нашар ұстаса, бірақ Wi-Fi бар болса, байланыстан ажырамайсыз.  
  • Дыбыс сапалы болады — тұрақты интернет арнасының арқасында дауыс анық әрі таза естіледі.  
  • «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін қолдану үшін ешқандай қосымша жүктемейсіз —  нөмірді әдеттегідей тере бересіз. Желі істемейтін жерде екеніңізді смартфон өзі анықтап, қоңырауды автоматты түрде Wi-Fi арқылы қосады. Қоңырау кезінде мегабайт емес, минуттар жұмсалады.  

 
«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін iPhone мен Android құрылғыларында қосу мен өшіру жолы 
 
Қызмет Tele2-нің кейбір клиенттеріне сынақ режимінде қосылды, смартфоныңызды тексеріп көріңіз: 
 
Android: Реттеулер → Желі мен интернет / SIM-карталар мен мобильді желілер → SIM-картаны таңдау → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 
 
iPhone:  Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 
 
Қызметті өшіру де дәл осы жолмен —  реттеулер бөліміндегі ауыстырғыш тетік арқылы жасалады.  
 
Маңызды ақпарат: пилоттық тестілеу кезеңінде қызмет тек Қазақстан аумағында жұмыс істейді. «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін роумингте қосу мүмкіндігі жайлы кейінірек хабарлаймыз.