Логотип: Tele2

«Шексіз әлжелілер» және «5G желіде істейтін бонус трафик» науқандарының мерзімін 2025 жылдың соңына дейін ұзартамыз

16 қазан 2025

«Сенің ережелерің 5 590 ₸» тарифіндегі «Шексіз әлжелілер» және «5G желіде істейтін бонус трафик» науқандарының мерзімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартамыз. 

 

Осы тарифті қолданып жүрген барлық адам жылдың соңына дейін Whatsapp, Instagram, YouTube, Telegram, VK, Facebook, Netflix, Twitch, TikTok, Likee, Zoom, Teams қызметтерін шексіз қолдана береді және оларға өте жылдам бонус интернет беруді жалғастырамыз.