Логотип: tele2

«Толықтай шексіз» тарифіндегі роуминг қызметінің мерзімін ұзартып қойдық

30 маусым 2026

«Толықтай шексіз» тарифінде бонус ретінде берілетін  
интернет-роуминг 2026 жылғы 31 шілдеге дейін жұмыс істейді.  
 
Роуминг-пакетті бөлек қосудың қажеті жоқ — шетелде жүргенде 5G, 4G мен 3G желіні шексіз пайдалана аласыз. 
 
Назар аударыңыз: роумингтегі интернетті жоғары жылдамдықта 3 ГБ дейін көлемде пайдалана аласыз. Осы межеден асқан соң интернет жылдамдығы 128 Кбит/с  дейін баяулайды — бұл мессенджермен хабарлама жіберуге немесе онлайн-картаны пайдалануға жететін жылдамдық. 3 ГБ бар жаңа пакет тарифті қайта қосқан кезде беріледі. 
 
Сапар алдында «Роуминг» тегін қызметі қосылып тұрғанына көз жеткізіп алыңыз. Ол үшін Tele2 қосымшасындағы «Менің тарифіме» өтіп, «Менің қызметтерім» бөлімін қараңыз.