Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарының кейбір қалаларында 3G желісі өшіріледі
22 қазан 20252025 жылғы 5 қарашадан бастап 3G желісі Қазақстандағы бірнеше қалада жұмыс істемейді:
Жамбыл облысы — Қаратау мен Жаңатас
Қарағанды облысы — Абай, Саран және Шахтинск
Түркістан облысы — Жетісай
Біз жаңа буын желілерін жақсартқымыз келеді. 3G желісін өшіру арқылы 4G желінің сапасын жақсартып, қоңырауларды — анығырақ, байланыс сигналын — тұрақтырақ, интернетті жылдамырақ етуді көздейміз.
Құрылғыңызда немесе SIM-картаңызда 4G желі істемейтін болса
Онда интернетті бұдан ары пайдалана алмай қаласыз. Сол себепті құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G желі істейтінін алдын ала тексеріп алыңыз. Оны біздің сайтымызда немесе *187# пәрмені арқылы жасауға болады.
SIM-картаны Tele2 байланыс салондарында тегін ауыстыруға болады, ол үшін жеке куәлігіңізді әкелсеңіз болғаны. SIM-картаңызды ауыстырған кезде сізге 14 күнге жарайтын 10 ГБ бонус беріледі.
4G ұстайтын смартфонды Tele2 байланыс салондарынан сатып алуға болады: Galaxy A07 4/64GB — 64 990 ₸, Xiaomi Redmi A3x 3/64GB — 34 990 ₸.
Егер жылдам үй интернеті қажет болса, 5G роутерді науқан аясында 64 990 ₸ орнына 37 990 ₸-ге сатып алыңыз. Роутермен бірге сізге «Отбасы + 6 SIM» тарифі беріледі. Алғашқы айдың абоненттік төлемі роутердің бағасына кіреді. Науқан мерзімі шектеулі.
Қалаңыздағы байланыс салондарының мекенжайын Tele2 сайтынан біле аласыз.
Абай болыңыз: SIM-картаны ауыстырған кезде Tele2 қызметкерлері телефон арқылы қысқа растау кодын сұрамайды. Құпиясөз бен кодтарды ешкімге айтпаңыз. SIM-картаны тек Tele2 байланыс салондарында ғана ауыстыруға болады.
Құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G істесе де, интернет жұмыс істемей тұрса
Онда желі режимін өзгерту керек:
- iOS (iPhone): Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Дауыс пен деректер → LTE.
- Android: смартфоныңызға арналған нұсқаулықты оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.