Сарыағашта 3G желісі өшіріледі
22 қазан 20252025 жылғы 19 қарашадан бастап 3G желісі Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жұмыс істемейді.
Біз жаңа буын желілерін жақсартқымыз келеді. 3G желісін өшіру арқылы 4G желінің сапасын жақсартып, қоңырауларды — анығырақ, байланыс сигналын — тұрақтырақ, интернетті жылдамырақ етуді көздейміз.
Құрылғыңызда немесе SIM-картаңызда 4G желі істемейтін болса
Онда интернетті бұдан ары пайдалана алмай қаласыз. Сол себепті құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G желі істейтінін алдын ала тексеріп алыңыз.
Оны біздің сайтымызда немесе *187# пәрмені арқылы жасауға болады.
SIM-картаны Tele2 байланыс салондарында тегін ауыстыруға болады, ол үшін жеке куәлігіңізді әкелсеңіз болғаны. SIM-картаңызды ауыстырған кезде сізге 14 күнге жарайтын 10 ГБ бонус беріледі.
4G ұстайтын смартфонды Tele2 байланыс салондарынан сатып алуға болады:
Galaxy A07 4/64GB — 64 990 ₸, Xiaomi Redmi A3x 3/64GB — 34 990 ₸.
Егер жылдам үй интернеті қажет болса, 5G роутерді науқан аясында 64 990 ₸ орнына 37 990 ₸-ге сатып алыңыз. Роутермен бірге сізге «Отбасы + 6 SIM» тарифі беріледі. Алғашқы айдың абоненттік төлемі роутердің бағасына кіреді. Науқан мерзімі шектеулі.
Қалаңыздағы байланыс салондарының мекенжайын Tele2 сайтынан біле аласыз.
Абай болыңыз: SIM-картаны ауыстырған кезде Tele2 қызметкерлері телефон арқылы қысқа растау кодын сұрамайды. Құпиясөз бен кодтарды ешкімге айтпаңыз. SIM-картаны тек Tele2 байланыс салондарында ғана ауыстыруға болады.
Құрылғыңыз бен SIM-картаңызда 4G істесе де, интернет жұмыс істемей тұрса
Онда желі режимін өзгерту керек:
- iOS (iPhone): Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрі → Дауыс пен деректер → LTE.
- Android: смартфоныңызға арналған нұсқаулықты оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.