Логотип: Tele2

Тарифті қайта қосу шарттары өзгереді

2 қазан 2025

2025 жылғы 3 қарашадан бастап Tele2 тарифтерінің шарттары өзгереді: 

 

Тарифті қайта қосу 
Сізге ыңғайлы болсын деп және икемді қызмет көрсету мақсатында 30 күн ішінде тарифті қайта қосу алғашқы екі ретте тегін болады. 
Осы 30 күн ішінде тарифті үшінші рет қайта қосқаннан бастап әр қайта қосқаныңыз үшін 990 теңге ақы шешіледі. 

 

Тариф ауыстыру 
Егер 30 күн ішінде тарифіңізді 2 рет ауыстырып, енді «Тиімді» Max, Pro немесе Unlim тарифтерінің біріне ауысып жатсаңыз, 990 теңге ақы шешіледі. 

 

Бұл шара жүйеге түсетін жүктемені оңтайландырып, барлық абонентті үздіксіз желі жұмысымен қамтамасыз ету үшін қажет. Түсіністік танытқаныңызға рақмет!