Логотип: tele2

Роумингте Wi-Fi арқылы қоңырау шалу қызметін сынақтан өткізіп жатырмыз — елдегі тариф шарттарына сәйкес қоңырау шала аласыз

26 тамыз 2026

Біз роумингте «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» технологиясын іске қосып жатырмыз. Енді шетелде мобильді желі істемесе де, байланыста боласыз. 

 

Әдеттегідей қоңырау шалып, қоңырауларға жауап бере аласыз— смартфон қоңырауды Wi-Fi желісіне автоматты түрде ауыстырады. Ол үшін бөлек қосымша жүктеу қажет емес.

 

Wi-Fi арқылы қоңырау шалу бағасы тарифіңіздегі кәдімгі қоңыраулардың елдегі бағасымен бірдей болады. Егер сізде минуттар пакеті болса, сөйлескен минуттар сол пакеттен шешіледі. Роуминг-пакеттегі минуттар жұмсалмайды. 

 

Қызмет қазір Tele2 клиенттерінің бір бөлігіне сынақ режимінде қосылды. 

 

iPhone мен Android құрылғыларында «Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» қызметін қалай қосуға болады 

 

  1. Телефоныңыздан *292# пәрменін теріп, ашылған мәзірден қызметті қоса аласыз.
  2. Қызметті смартфон реттеулерінен қоса аласыз.

Android: Реттеулер → Желі және интернет / SIM карталар мен мобильді желі → SIM картаны таңдаңыз → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 

iPhone: Реттеулер → Ұялы байланыс → SIM картаны таңдаңыз → Wi-Fi арқылы қоңырау шалу 

  1. Tele2 қосымшасына кіріп, «Роуминг» қызметінің қосулы тұрғанын тексеріңіз. Онсыз шетелде Wi-Fi арқылы қоңырау шала алмайсыз. Роуминг тек тізімдегі елдерде жұмыс істейді.

 

«Wi-Fi арқылы қоңырау шалу» — жаңа қызмет. Біз қызметті әлі де сынақтан өткізіп, клиенттердің қызметке деген қызығушылығын тексеріп жатырмыз.