Логотип: Tele2

Таяу Шығыстағы клиенттерге қолдау көрсету

2 наурыз 2026

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран, Кувейт, БАӘ, Катар, Иордания, Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы роуминг- серіктестеріміздің желісін пайдаланып жүрген барлық клиентімізге тегін байланыс пакеті берілді. Бұл пакетте 7 күнге жарайтын 1 ГБ интернет, қоңырау шалатын 10 минут және 10 SMS бар.   

 

Қалған ресурстарды Tele2 мобильді қосымшасында немесе *267# пәрмені арқылы тексеруге болады. 

 

Қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми қызметтердің нұсқауларын орындаңыз.  

 

Сізге және жақындарыңызға деген қамқор көңілмен, Tele2