2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап абонтөлем мен тариф қызметтерінің көлемі өзгереді
24 қараша 2025Құрметті клиенттер!
Компания тарифтік жоспарлар бағасын өзгертеді. Желілерімізді дамыту, жаңарту мен қызмет көрсету шығындарының өсуіне, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағаны өзгертуге мәжбүрміз.
Абонтөлемнің өзгеруі байланыс сапасын жақсарту мен қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондай-ақ кейбір тарифтік жоспарларда қосымша ресурстар мен QINO қызметін ұсынамыз. QINO қызметі арқылы 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін 80 арна мен Megogo, PlanB мен Tvigle онлайн-кинотеатрларына тегін қосылуға болады.
Tele2 желісі Қазақстандағы елді мекендердің 96%-ын қамтып, клиенттерді тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Оператор елде бірінші болып 4G, VoLTE мен 5G технологияларын енгізген. 2025 жылы Tele2 Қазақстандағы ең үздік 5G-желі операторы атанып, Ookla компаниясының Speedtest Awards марапатын алды. Біз инфрақұрылымды дамыту мен технология сапасын жақсарту мақсатында инвестиция салуды жалғастыра береміз.
Бізге деген сеніміңізді жоғары бағалай отырып, тарифтік жоспарлар құрамын бұрынғыдан да тиімді ету мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға барымызды саламыз.
Бірге болғаныңызға рақмет!
Тарифіңізге қатысты өзгерістер жайлы толық ақпаратты SMS арқылы жібереміз. Бағасы өзгерген тарифтердің толық тізімін осы жерден қарауға болады.
Сұрағыңыз болса, бізге жазыңыз: