Логотип: tele2

Енді тариф ақысын айына бір рет емес, күніне бір рет төлеуге болады

23 қараша 2026

Жаңа жыл қарсаңында жақсы жаңалығымыз бар! 🎄

 

2026 жылғы 23 желтоқсаннан бастап кейбір тарифтерде тиімді мүмкіндік пайда болады: теңгеріміңіз бір айлық абонтөлемге жетпесе де тариф жұмыс істей береді, ал төлем әр тәулік үшін шешіледі.  


Әр тәулік үшін жеке төлем жасаған кездегі ресурстар көлемі мен бағасы:

 

Тарифіңіз

Бір күндік бағасы

Мобильді интернет

ҚР бойынша басқа мобильді оператор нөмірлеріне қоңырау шалу 

Барлығына шексіз

200 ₸

Шексіз

 5G, 4G, 3G

интернет

5 мин

Толықтай шексіз

266 ₸

8 мин

Prime

66 ₸

1 ГБ

5 мин

 

Егер теңгеріміңіз тарифтің айлық абонтөлеміне жетпесе, тәуліктік төлем автоматты түрде шешіледі. Ресурстарды сағат 23:59-ға дейін пайдалануға болады.

 

Егер айлық абонтөлемді төлесеңіз, тариф жұмысын әдеттегідей жалғастыра береді және бір айға гигабайттар мен минуттардың қалыпты көлемі беріледі.

Бірге болғаныңызға рақмет!