Логотип: Tele2

Тарифтерде қосымша күнделікті пакет болады

11 қыркүйек 2025

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап кейбір тарифтерде жаңа қосымша күнделікті пакет пайда болады. 

 

Бағасы — 100 ₸/күн. Пакет құрамына кіреді: 

  • 300 МБ; 
  • Tele2 мен Altel-ге шексіз қоңырау шалу; 
  • ҚР қалалық және басқа мобильді нөмірлеріне қоңырау шалатын 3 минут. 

 

Егер қандай да бір себеппен негізгі тарифіңіздің ақысы шешілмей қалса, осы пакетті қосып, байланыста бола аласыз. Пакетті қосқан соң ол күннің соңына дейін істейді. 

 

Егер теңгеріміңізде негізгі күнделікті пакетке де, қосымша пакетке де ақша жетіп тұрса, алдымен құны мен көлемі көбірек пакет қосылады. 

 

Қызметтің толық шарттары тариф сипаттамасында жазылған. 

 

Пакетті қосу үшін *258*0*# пәрменін теріңіз.