2025 жылғы 11 ақпаннан бастап кейбір тарифтердің абонтөлемі мен қызмет жиынтығы өзгермек
6 қаңтар 2025Құрметті клиенттер!
Компания кейбір тарифтердің бағаларын қайта қарастыратынын хабарлаймыз. Бұл желілерімізді дамыту, жаңарту, жөндеу және оған қызмет көрсету шығынының өсуіне және құрылғы бағаларының қымбаттауына байланысты шара.
Абонтөлем бағасын қайта қарастырғаннан кейін біз сіздерге сапасы жоғарырақ қызмет түрлерін ұсынып, олардың тұрақты жұмысын сақтай алатын боламыз. Оған қоса қолданыстағы тарифтерге қосымша ресурс саламыз.
Tele2 желісі Қазақстандағы 96% елді мекенге жайылып, клиенттерімізге тұрақты байланыс пен көптеген мүмкіндік пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Бұл оператор елімізде тұңғыш 4G желісін орнатты, VoLTE мен 5G технологияларын да бірінші болып енгізді. Біз желі инфрақұрылымын дамытуға қаражат салып, технология сапасын ары қарай жақсарта бермекпіз.
Бейілдік көрсеткендеріңізді шын жүректен қадірлей отырып, тариф құрамын тиімдірек етуге және қызмет сапасын арттыруға бар күшімізді саламыз. Бізді таңдағандарыңыз үшін мың да бір алғыс!
Өзгеріс мына тарифтерде болады:
Сұрағыңыз болса, бізге жазыңыз