«Менің пайдам» мен «Плюста бол» келісімшартты тарифтерін іске қосамыз
10 желтоқсан 20252025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап клиенттеріміз «Менің пайдам» мен «Плюста бол» келісімшартты тарифтерін қоса алады. Бұл тарифтер аясында біз бағаны 12 төлем мерзіміне бекітеміз, ал сіз осы уақыт ішінде тарифті қолданып, оны ауыстырмай, уақытылы төлем жасап отырсаңыз болды.
Маңызды ақпарат:
- Бірінші төлемге 50% жеңілдік беріледі.
- 2 мен 12 төлем аралығында келісімшартсыз бағаға қарағанда 30%-ға төмен арнайы баға болады.
- Егер төлем мерзімін өткізіп алсаңыз немесе тарифті ауыстырсаңыз, келісімшарт тоқтатылады әрі айыппұл төлеу керек болады.
- Келісімшарт мерзімі аяқталған соң тарифті ары қарай қолдана берсеңіз болады. Бірақ толық құнын төлеу керек.
- Тарифтер Қазақстан аумағында ғана жұмыс істейді.
Келісімшартты тарифтерді қосу мен олар жайлы толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз.