Tele2

Loading FillerLoading Filler

Тәптіштеме

Тәптіштеме

Байланыс шығынын бақылап, тексеріңіз

Толығырақ

Алу үшін

Шарттары


Толығырақ

Теңгерімнен қашан, қайда, қанша ақша кеткенін тексеріңіз. Күніне, аптасына, айына немесе кез келген кезеңді таңдап, біле аласыз. 

Алу үшін

Tele2 қосымшасында бір күндік және бір апталық көшірмені көруге болады. Сондай-ақ 30–90 күндік көшірмені сұратуға болады, ол электронды поштаңызға жіберіледі


90 күннен көп уақыттың көшірмесі керек болса, кез келген байланыс салонына жолықсаңыз болады немесе infokz@tele2.com-ға жазыңыз. 

Шарттары

  • Соңғы айдың көшірмесі тегін беріледі, ал әрбір алдыңғы айдың бағасы — 200 ₸. Мысалы, сіз маусым айында қаңтар–мамыр айының көшірмесін сұрадыңыз делік. Мамыр айыныкі тегін болады, ал алдыңғы айдың әрқайсысы 200 ₸, яғни жалпы 800 ₸ төлеу керек болады. 
  • Соңғы 2 жылдың ғана көшірмесін алуға болады және нөмір сол уақыт бойы сіздің атыңызда рәсімделген болған жағдайда ғана. 
  • 90 күннен астам уақыттың көшірмесін байланыс салондарынан алуға болады. Орныңызға басқа біреу көшірмені алып кетуі керек болса, нотариалды куәландырылған сенімхат пен жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы қажет болады. 
  • Байланыс салондарында көшірмені тек жұмыс күндері, 09:00-ден 18:00-ге дейін алуға болады. 
  • Заңды тұлғалар да байланыс салондарынан көшірмені ала алады. Ол үшін компанияның фирмалық бланкісінде басшының қолы мен мөрі қойылған хатты алып келу керек. Хатта көшірме кезеңін және сенімді тұлғаның атын көрсету қажет. Сонымен қатар сенімді тұлғаның жеке куәлігінің түпнұсқасы да керек болады. 
  • Бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген.