Білім тарифтік жоспарының іске қосылуы туралы
25 тамыз, 2020 - 1 минут
Құрметті абоненттер, 1 қыркүйек — Білім күні таяп қалды! Оқу жылы басталар алдында Tele2 жаңа «Бiлiм» тарифін іске қосады .
«Білім» - бұл оқушылардың, мұғалімдер мен студенттердің артық шығынсыз жайлы онлайн-оқуы үшін арнайы әзірленген, білім беру ресурстарына тарифтелмейтін қолжетімдігі бар тарифтік жоспар
Сонымен қатар тіркелген абоненттер үшін «Білім беру сервистері» жаңа қызметі қолжетімді, оны 21.08.2020ж. бастап өзіңнің Tele2 тарифтік жоспарыңа тегін қосып алуға болады
Қызмет USSD-пәрменінің көмегімен қосылады *452#
Білім беру ресурстарының тізімі мына жерде қолжетімді
Назар аударыңыз, «Білім» ТЖ-ның және қосымша пакеттің іске қосылуына байланысты, 21 тамыздан бастап қашықтан оқыту сайттарына арналған трафик өзіңіздің тарифтік жоспарыңызға сәйкес тарифтеледі
Санаттар