- 1. Арнайы есептеуішімізбен смартфоныңыздың алдын ала құнын анықтап алыңыз.
- 2. Дүкенімізге келіп, толық бағалаудан өткізіңіз.
- 3. Жеңілдігіңізді пайдаланып, смартфоныңызды тиімділікпен жаңартып алыңыз!
iPhone 16 Pro Max 256GB Desert Titanium
- Кепілдік түрі
Өндірушіден - Кепілдік мерзімі
12 - SIM-карта саны
2 - Қуаттау ұяшығы
USB Type C - Операциялық жүйе
- Процессор
- Процессордағы ядро саны
6 - Экран ажыратымдылығы
- Дисплей диагоналы
- Монитор матрицасының түрі
- Бастапқы орнатылған жад көлемі
256 ГБ - Негізгі камера
- Алдыңғы камера
12 Мп - Face ID
Қолдайды - NFC
Қолдайды - Аккумулятор сыйымдылығы
3279.0 мА*сағ - Саусақ ізін анықтағыш
Қолдамайды - 5G қолдауы
Қолдайды - eSIM қолдауы
Қолдайды - Оперативтік жад көлемі
6 ГБ - Видео жазу
4K
Жиі қойылатын сұрақтар
Device+ деген — сол баяғы құрылғыны бөліп төлеуге сатып алу тәсілі. Бірақ банк арқылы емес, бірден біздің өзімізден аласыз — артық қатысушы болмайды. Device+ қызметінің артықшылықтары: • науқанның өту кезеңіне қарай 6, 12, 18 және 24 айға бөліп төлеуді таңдауға болады; • тек сертификатталған құрылғылар сатылады, мемлекеттік тіркеуге қатысты мәселе болмайды; • әр смартфонмен бірге келісімшартты тариф жүреді, оның бағасы өзгермейді, уақыт өтсе де сақталады; • планшет, құлаққап немесе смарт-сағаттарды да бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. ҚР резиденттері ғана «Device+» науқаны аясында құрылғы сатып ала алады.
Ол үшін теңгеріміңізді төлем сомасына толықтырсаңыз болғаны. Теңгеріміңізді аз-аздан толықтырсаңыз, төлем де бөліп-бөліп шешіледі, ал тариф ресурстары төлем толық шешілген соң ғана беріледі. Ай сайынғы төлем күні құрылғыны алған күнге сәйкес болады.
Онда сізге өсімақы есептеледі, өсімақы сомасы — әр күнге қарыз сомасының 0,1%-ы. Төлемді уақытылы төлемегеніңіз бірінші күннен бастап несие тарихыңызда көрініп тұрады.
Әзірше жеткізу қызметі жоқ, бірақ осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Жеткізу қызметі пайда болса, ол туралы осында жазамыз. Алып кету: Тауар жеткізуге дайын болғанда біз SMS жібереміз. Сол сәттен бастап, таңдаған байланыс салонынан тауарды алуға 7 күн беріледі. Біздің менеджер сізбен байланыс салонында кездесіп, тапсырыс нөмірін беруді сұрайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды алуды ұмытпаңыз, біз сатып алуды осылай растаймыз.
Жақын маңдағы байланыс салонына барсаңыз болады. Салонда сізге құрылғы таңдауға көмектесіп, науқан туралы толығырақ ақпарат беріп, сұрақтарыңызға жауап береді.
Кейбір себептерді өзіңіз өзгерте аласыз. Мысалы, байланыс қызметіне қарызыңыз болса, соны өтеңіз немесе eGov-тан «Стоп-несие» қызметін өшіріп қойыңыз. Осыдан кейін бірден Device+ қызметіне жаңа өтінім бере аласыз. Егер қызметті рәсімдемеу себебі белгісіз болса, 30 күн өткен соң қайта өтінім беріп көріңіз. Бәлкім, осы уақыт ішінде несие тарихыңыз өзгеріп қалар.
Әзірше бұл мүмкін емес, дегенмен осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
Берешегіңізді толық өтеген соң бір сағат ішінде смартфонды бұғаттан шығарады.
Тек бір құрылғы + тариф алуға болады. Мысалы, смартфон + тариф немесе құлаққап + тариф.
Өтініміңіз 72 сағаттан кейін автоматты түрде жойылады. Жаңа тауар таңдау үшін осы уақыттың өткенін күте тұруыңыз керек немесе байланыс орталығына хабарласып, тапсырыстан бас тарта аласыз.
Әзірше бұл мүмкін емес, дегенмен осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
Құрылғыны сатып алған сәттен бастап 1 жылға кепілдік беріледі. Егер құрылғы істемей қалса, сервис орталығынан құрылғының жөндеуге жарамайтыны туралы акт алыңыз: • Apple → • Vivo → • Oppo → • Samsung → Содан соң өзіңізбен бірге актті, құрылғы мен оның қорабын алып, тауарды алған байланыс салонына барыңыз. Құрылғы зауыттан ақаумен келсе ғана оны қайтаруға немесе алмастыруға болады. Ақауы болмаса құрылғыны қайтара да, ауыстыра да алмайсыз. Телефон, GPS-сағат, планшеттерге 2019 жылғы 2 сәуірдегі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабында жазылған «14 күн» деген ереже қолданылмайды.


